Қабылдау бөлімі
САУХИМОВА ДАНА ИСАГАЛИЕВНА

Қабылдау бөлімінің меңгерушісі, «ҚДЖМ» ҚМУ қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Терапия» пәні бойынша резиденттердің тәлімгері

№1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімі тәулік бойы Алматы қаласының барлық ауданынан науқастарды қабылдап, емдейді. Біз аллергология, пульмонология, неврология және терапия салаларында, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға көмек көрсету қызметін көрсетеміз.

Қабылдау бөлімінің негізгі функциялары:

  • науқастарды тіркеу, қабылдау және бастапқы тексеру, соның ішінде антропометрия және санитарлық-гигиеналық тазалау
  • барлық мұқтаж адамға шұғыл медициналық көмек көрсету
  • науқастарды жағдайының ауырлығы мен аурудың бейіні бойынша сұрыптау, оларды тиісті бөлімшелерге бөлу
  • санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды анықтау
  • алдын ала диагнозды қою және диагноз расталғанға дейін науқастарды динамикалық бақылау
  • жұқпалы науқастарды мамандандырылған стационарға ауыстырар алдында оқшаулау
  • медициналық құжатты дайындау және жүргізу
  • науқастарды санитарлық тазалау, педикулезге тексеру жүргізу
  • науқастарды аурухана бөлімшелеріне тасымалдау
  • бөлім бейіні бойынша пациенттердің қозғалысы және олардың жүктемесін бақылау туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру
  • жараланған және ес-түссіз күйде жеткізілген адамдар туралы ақпаратты тиісті органдарға жіберу
  • пациенттердің стационардағы дұрыс емделуіне және емделу құжаттарының дұрыстығына мониторинг жүргізу
  • науқастар есебін жүргізу: ауруханаға жатқызу, госпитализациядан бас тарту, амбулаториялық көмек.

Мамандану

  • Пульмонология: пневмония, созылмалы обструкциялық өкпе ауруы және бронхоэктатикалық ауруы бар науқастарды қабылдау
  • Аллергология: жедел аллергиялық реакция кезінде көмек көрсету (аллергиялық есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок)
  • Терапия: түрлі медициналық жағдайы бар, соның ішінде жүрек-өкпе жеткіліксіздігі бар, жиі ауыр немесе бейсаналық күйдегі науқастарға күтім көрсету
  • Неврология: жедел неврологиялық жағдайда көмек көрсету (эпилепсия, жедел вертебробазилярлы жеткіліксіздік).

Шұғыл зертхана

Біздің бөлімнің клиникалық диагностикалық зертханасы қазіргі заманғы биохимиялық және гематологиялық құрал-жабдықпен жабдықталған, бұл ағза жағдайын жылдам анықтауға және экспресс-тест жүргізуге мүмкіндік береді.

Рентген кабинеті

Қабылдау бөлімінде соңғы үлгідегі сандық рентген аппараты орналасқан заманауи рентген кабинеті бар. Сәулелік әдіс бас сүйегі және омыртқа сүйектерінің жарақатын, сондай-ақ мидағы көлемді процестерді диагностикалаудағы негізгі әдіс болып табылады. Қабылдауды білікті рентгенологтар мен рентген зертханашылары жүргізеді.

Спирография

Біздің бөлім сыртқы тыныс алу қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін спирографпен жабдықталған. Бұл әдіс өкпе патологиясы бар шұғыл науқастардың тыныс алу көлемі мен жылдамдығын өлшеуге мүмкіндік береді.

Спирометриялық зерттеудің келесі түрі орындалады:

  • жайбарақат тыныс алу
  • күшейтілген дем шығару
  • өкпенің максималды желдетілуі

Электрокардиограмма (ЭКГ)

Бөлімде сонымен қатар жүректің электрлік белсенділігін зерттеуге және шұғыл науқаста жедел жүрек патологиясын жоққа шығаруға арналған электрокардиограф бар. Бұл әдіс жүректің жұмысы кезінде пайда болатын электрлік потенциалды жазуды және оны дисплейде немесе қағазда графикалық түрде көрсетуді қамтиды.

 

Қабылдау бөлімінің дәрігерлері

  • Тургумбаева Ляззат Сарсинбаевна – дәрігер терапевт
  • Джунусбекова Мадина Найманбековна – дәрігер терапевт
  • Жумабеков Болат Канатович – дәрігер пульмонолог
  • Есдаулетова Айгерім Мұраталықызы – дәрігер терапевт
  • Сатылханова Жанар Алихановна – дәрігер терапевт
  • Касымова Баглан Куттыбаевна – дәрігер терапевт

 

Біз пациенттерге әрқашан білікті көмек пен қолдау көрсетуге тырысамыз.

Қабылдау бөлімі