Торакалды хирургия орталығы

2015 жылы Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында алдыңғы қатарлы хирургиялық технологияны әзірлеу және енгізу үшін Торакалды хирургия орталығы құрылды. Клиниканың бөлімшесі кеуде қуысы ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелерін шешуге арналған.

Жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдықтың болуы ең күрделі хирургиялық мәселені шешуге мүмкіндік береді. Хирургиялық көмек көрсетудің әр түрлі нұсқасы мүмкін: қазақстандық квота бойынша тегін емдеу, ерікті сақтандыру бойынша емдеу, ұйымдармен келісім-шарт және науқасты ақылы емдеу. Шалғай аймақ тұрғындары телефон және электронды пошта арқылы алдын ала хат-хабар кеңесін ала алады. Сондай-ақ жергілікті жерде консультация мен ота ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Біздің аурухана хирургтары Оңтүстік Корея, Ресей, Германия, Голландия, Үндістан сияқты шетел клиникаларында білім алды.

Клиникада өкпенің әр түрлі ауруына, кеңірдек, көкірек, тыныс жолы, өңеш тарылуы қалқанша безі ісігі, кеуде қабырғасының ісігі, кеуде қуысы мүшелеріне (торакалды хирургия) және мойынға, кеңірдек-өңеш жыланкөзіне, сүт безі, қалқанша безі, айыр безі қатерсіз ісіктеріне кең ауқымды оталар жасалады.
Бөлімше клиникалық тәжірибесінде науқастарды, соның ішінде ересектер мен балаларды хирургиялық емдеудің дәстүрлі және шағын инвазивті (эндоскопиялық) әдістері кеңінен қолданылады.

Аурухана заманауи диагностикалық құрал-жабдықпен (УДЗ, соның ішінде эндосонография, талшықты эндоскоптар, КТ, МРТ) жабдықталған, бұл кеуде ауруының ең күрделі жағдайында да жоғары дәлдікпен диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

Аурухананың жоғары технологиялық жабдықпен бірегей жабдықталуының және оның құрылымдық бөлімшелерінің тығыз байланысының арқасында ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Кең диагностикалық мүмкіндіктің, терапевтік-хирургиялық пульмонология бөлімшелерінің және арнайы оңалтудың (спелеокамера, ЕДТ, сумен емдеу) болуы қалада өкпе ауруы бар науқастарды емдеудің тиімді бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жарылқапов Нұрлан Серікұлы – торакалды хирургия орталығының меңгерушісі, жоғары санатты торакалды хирург, медицина ғылымдарының кандидаты.

2005-2007 – А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы «торакалды хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатура, Алматы.

2007-2010 – А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы торакалды хирургия мамандығы бойынша аспирантура, Алматы.

2010-2015 – А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы кеуде және балалар хирургиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Алматы.

2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың наурызына дейін – А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының торакалды хирургия бөлімінің меңгерушісі, Алматы.

2016 жылдың сәуірінен бастап №1 қалалық клиникалық аурухананың торакалды хирургия орталығының меңгерушісі.

88 ғылыми-тәжірибелік мақала мен тезистің, 1 әдістемелік құралдың авторы, өнертабысқа 4 патенті бар.

Түрлі марапаттқа ие.

Торакалды хирургия орталығы