Аллергология бөлімшесі – аллергиялық аурулары бар науқастарға мамандандырылған жоспарлы және шұғыл көмек көрсетуге арналған Қазақстандағы және Алматы қаласындағы жалғыз стационарлық бөлімше.
Аллергология бөліміне бірқатар іс-шаралар өткізіледі:
– жіті аллергиялық жағдайы бар науқастарға және созылмалы аллергиялық аурулары асқынған науқастарға жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;
– созылмалы аллергиялық аурулармен ауыратын науқастарға учаскелік қызмет дәрігерлерінің және басқа мамандардың жолдамасы бойынша жоспарлы көмек көрсету;
– аллергиялық патологиясы бар науқасты жүргізу тактикасы туралы мәселені шешу;
– фактор-аллергенді анықтау үшін аллергиялық аурулары бар науқастарға дифференциалды (аппараттық) диагностика жүргізу;
-науқасты кейіннен амбулаториялық-емханалық бөлімшенің аллерголог дәрігеріне бере отырып, спецификалық және спецификалық емес иммунотерапияның бастапқы кезеңін жүргізу;
– созылмалы аллергиялық аурулардың жиі қайталануы бар науқастарға дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмектік емес терапияны жеке таңдау;
– бекітілген аумақта клиникалық аллергология бойынша емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Аллергология бөлімшесі ҚР ДСМ сараптау комиссиясымен бекітілген диагностикалау және емдеу хаттамаларын сақтай отырып, келесі нозологияларды (аллергиялық ауруларды) емдеумен айналысады:
1. Бронх демікпесі;
2.Тері және тері асты жасушасының аурулары:
Есекжем, ЖУАР, Лайелл синдромы, буллездік, небуллездік эритемалар, дәрілік және атопиялық дерматиттер, аллергиялық жанаспалы дерматиттер;
3.Квинке ісінуі, Анафилактикалық шок.
Аллергология бөлімшесінің меңгерушісі:
Құрбанбаева Нұржамал Қаржаубайқызы
1994 жылы И. П. Павлов атындағы СамМемМИ бітірді. Жалпы дәрігерлік еңбек өтілі 25 жыл. 1996 жылдан бастап мамандығы бойынша практикалық қызметі, жоғары санатты аллерголог-дәрігер. ҚР әртүрлі ғылыми-медициналық журналдарында 10-нан астам ғылыми мақалалар жарияланған. Бірнеше халықаралық форумдардың, конференциялар мен конгрестердің қатысушысы. Нұржамал Қаржаубайқызының еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының көптеген Құрмет грамоталарымен атап өтілді. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісі бар.
«№1 ҚКА-ға 35 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Тексеруге жазылу және қосымша ақпарат алу