

Хасанова Альмира Шухратовна
Бөлімше меңгерушісі, 13 жылдан астам тәжірибесі бар невропатолог-реабилитолог, медицина ғылымдарының магистрі, жоғары санатты дәрігер
№1 қалалық клиникалық аурухананың №2 нейрореабилитация бөлімшесі 2025 жылғы қаңтардың 13-інде ашылып, 20 төсек-орынға есептелген.
Бөлімше жедел ми қан айналымының бұзылысы (ЖМҚАБ) салдарынан зардап шеккен науқастарға, сондай-ақ нейрохирургиялық патологиясы бар пациенттерге қалпына келтіру емін көрсетумен айналысады.
Біздің артықшылығымыз:
✔ Жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу
✔ Жоғары білікті мамандар
✔ Қамқор әрі кәсіби медицина қызметкерлері
✔ Қалпына келтірудің заманауи әдістері
Басты мақсатымыз: науқастардың жоғалтқан функцияларын барынша қалпына келтіру, өзін-өзі күту дағдыларын үйрету және еңбек қызметіне оралуына көмектесу.
Оңалтуды қажет ететін жағдайлар:
✔ Инсульт салдары
✔ Ауыр бас-ми жарақаттары
✔ Омыртқа-арқа жарақаттарының салдары
✔ Шеткі жүйке жүйесінің зақымдануы
✔ Нейрохирургиялық отадан кейінгі жағдайлар
Оңалту әдістері:
✔ ЕДТ нұсқаушыларымен жеке және топтық жаттығулар
✔ Психологпен жұмыс
✔ Сенсорлық бөлме
✔ Логопедиялық сабақтар
✔ Инерефлексотерапия (ақылы негізде)
✔ Физиотерапия (магнитотерапия, лазеротерапия, электрлік стимуляция, гидромассаж, інжу және гальваникалық ванналар, Шарко душы және т.б.)
✔ Массаж
Бұл әдістер қозғалыс функцияларын жақсартуға, науқастардың өздігінен қозғалу және өзін-өзі күту қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі.
Оңалтуға арналған арнайы жабдықталған бөлмелер:
✔ Кинезитерапия залы
✔ Эрготерапия кабинеті
Бөлімше мамандары:
Дәрігер-реабилитолог
Саутбаева Назым Тимуровна – 3 жылдан астам тәжірибесі бар, тейптеу, қолданбалы кинезиология, P-DTR, остеопатия әдістерін меңгерген
Психолог
Камбаров Улугбек Мухамадиминович – медициналық білімі бар дипломды маман, 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Психоневрологиялық аурулары бар пациенттермен жұмыс істейді, өзінің жеке терапиялық әдістемесін әзірлеген
Логопед
Ибатова Гаухар Биржановна – «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы, үлкен клиникалық тәжірибесі бар практик логопед
Аға медбике
Насырова Мухаббат Таиржановна
ЕДТ нұсқаушылары
Курванов Шахмурат
Зинатдинов Мадияр
Эрготерапия кабинеті маманы
Айтабек Сания
Біз әрбір науқас үшін оңалту процесін барынша тиімді әрі жайлы етуге тырысамыз!