

Жүнісбек Мөлдір Абдирахимқызы
Консультативтік-диагностикалық орталық меңгерушісі, дәрігер-клиникалық фармаколог
Білімі:
- С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Медицина бакалавры, 2012)
- Жалпы медицина бойынша интернатура (ҚазҰМУ, 2014)
- Клиникалық фармакология бойынша резидентура (ҚазМҮББУ, 2019)
- Қоғамдық денсаулық сақтау магистратурасы («Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебі» қазақстандық медициналық университеті 2025 жылдан)
Тәлімгерлік және оқыту:
- 2023 ж. – «Клиникалық фармакология» пәні бойынша резиденттерге тәлімгер (С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті)
- Дәрістер мен семинарлар өткізу
- Оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу
- Ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу
- Білім беру үдерісін ұйымдастыру және тәлімгерлік
Кәсіби құзыреті:
✔ Дәрілік формулярды әзірлеу және оның сақталуын бақылау
✔ Клиникалық фармакология мәселелері бойынша кеңес беру
✔ Дәрілік заттар қауіпсіздігінің мониторингі
✔ Ұжымды басқару және бөлім жұмысын ұйымдастыру
✔ Жаңа диагностикалық әдістерді енгізу
✔ Клиникалық фармакология саласында жас мамандарды даярлау
Сертификаттары мен лицензиялары:
- Терапия мамандығы бойынша маман сертификаты (2024-2029)
- Клиникалық фармакология мамандығы бойынша маман сертификаты (2024-2029)
- Клиникалық фармакология бойынша екінші біліктілік санаты (2020 жылдан бастап)
Тілдер:
Қазақ, орыс – еркін, ағылшын – орташа
Консультативтік-диагностикалық орталық және сәулелік диагностика бөлімі
Біз түрлі ауруды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша кең ауқымды медициналық қызмет кешенін ұсынамыз. Заманауи жабдық пен тәжірибелі мамандар дәл зерттеулер жүргізіп, сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8.00-ден 16.00-ге дейін.
Амбулаторлық-емханалық көмек
Компьютерлік томография (КТ):
✅ ми КТ
✅ кеуде қуысы мен көкірекаралық ағзалар КТ
✅ құрсақ қуысы және ішастар арты кеңістігі КТ
✅ сүйек-буын жүйесі (1 анатомиялық аймақ) КТ
✅ мұрынның қосалқы қуыс мүшелері КТ
✅ ми (контрасты) КТ
✅ кеуде қуысы мен көкірекаралық ағзалар (контрасты) КТ
✅ құрсақ қуысы және ішастар арты кеңістігі (контрасты) КТ
✅ қолқаның кеуде бөлімі (контрасты) КТ
✅ қолқаның құрсақ бөлімі (контрасты) КТ
✅ мойын омыртқасы КТ
✅ кеуде омыртқасы КТ
✅ бел омыртқасы КТ
✅ сегізкөз және құйымшақ КТ
✅ несеп-жыныс жүйесі КТ
Функционалдық диагностика
✅ Спирография – тыныс алу қызметін зерттеу
✅ Электрокардиограмма (ЭКГ) түсіндірумен – жүрек қызметін диагностикалау
✅ Электроэнцефалограмма (ЭЭГ) түсіндірумен – мидың электрлік белсенділігін талдау
✅ Барлық түрдегі ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)
✅ Холтерлік ЭКГ-тәуліктік мониторинг
✅ ЭЭГ – электроэнцефалография
Эндоскопиялық зерттеулер
✅ Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) – өңеш, асқазан және ұлтабар ішегін зерттеу
✅ Фибробронхоскопия (ФБС) – тыныс алу жолдары мен бронхтарды зерттеу
Клиникалық-диагностикалық қызметтер
✅ Гипербарикалық оксигенация – барокамера
✅ Плазмаферез
✅ ҚТІЛС – қанды тамырішілік лазерлік сәулелендіру
✅ Ине терапиясы
Мамандар кеңесі:
🔹 Пульмонолог – тыныс алу жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу (14.00–16.00)
🔹 Уролог – несеп-жыныс жүйесі ауруларын емдеу (14.00–16.00)
🔹 Офтальмолог – көз ауруларын диагностикалау және емдеу (14.00–16.00)
🔹 Невропатолог – жүйке жүйесі патологияларын емдеу (14.00–16.00)
🔹 Гинеколог – әйел денсаулығын тексеру және емдеу (14.00–16.00)
🔹 Тамыр хирургі (флеболог) – қан тамырлары мен тамырлық жүйе ауруларын диагностикалау және емдеу (14.00–16.00)
🔹 Торакалды хирург – кеуде қуысы ағзалары патологиясын емдеу (14.00–16.00)
🔹 Кардиолог – жүрек-қантамыр жүйесі патологияларын емдеу (14.00–16.00)
🔹 Реабилитолог – жарақаттан кейінгі, инсульттен кейінгі, нейрохирургиялық және кардиологиялық отадан кейінгі оңалту (14.00–16.00)
🔹 Терапевт – ішкі ағза ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу (14.00–16.00)
🔹 Гастроэнтеролог – асқазан-ішек жолдары ауруларын диагностикалау және емдеу (14.00–16.00)
🔹 Нефролог – бүйрек ауруларын диагностикалау және емдеу (14.00–16.00)
Қосымша диагностикалық зерттеулер:
✅ Мамандардың қайта кеңес беруі
✅ Талдау нәтижелерін бағалау
✅ Жеке емдеу жоспарын тағайындау
Бізді неге таңдайды?
✔ Заманауи жабдық, дәл диагностика
✔ Көпжылдық тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер
✔ Әр пациентке жеке көзқарас
✔ Қолжетімді баға және ыңғайлы қабылдау кестесі
Консультативтік-диагностикалық көмек МӘМС аясында емханадан жолдамамен тегін, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.
📞 Қабылдауға жазылып, кәсіби медициналық көмек алыңыз: +7 778 156 1380.