2024 жылғы 14-24 қазан аралығында Қазақстанда ДДСҰ/ЕАБ, АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен миссиясы өтіп жатыр.
Миссияның мақсаты АЖРИ-ді эпидқадағалау жүйесін күшейту, тұмау, COVID-19 және респираторлық-синцитиалды вирустың (РС-вирус) ауыртпалығын бағалау және вакцина тиімділігін зерттеу қызметін қолдау үшін техникалық көмек көрсету болып табылады.
2024 жылғы 18 қазанда Алматы №1 қалалық клиникалық аурухана базасында тұмау ауыртпалығын зерттеу, балалар арасында респираторлық- синцитиалды вирусты қадағалауды кеңейту және ұзақ мерзімді COVID-19 ауыртпалығын зерттеу бойынша миссияның мониторингі және талқылауы өтті.
Іс-шара Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мамандарының қатысуымен өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының (ДДСҰ/ЕАБ) ұсынымдарына сәйкес Қазақстан COVID-19 және тұмауға қарсы вакциналардың тиімділігін мониторингілеуге және бағалауға қатысады. 2023 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация деректерін жинау үшін қолданыстағы ауыр жіті респираторлық инфекцияларды (АЖРИ) эпидқадағалау жүйесін бейімдеді.
Миссияға жетекші сарапшылар кіреді:
* Ирис Финчи, ДДСҰ/ЕАБ кеңесші-эпидемиологы
* Оксана Артемчук, ДДСҰ/ЕАБ кеңесші-эпидемиологы
* Неха Патель, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, CDC, АҚШ
* Екатерина Бумбуриди, дәрігер-эпидемиолог, Қазақстандағы CDC өкілдігі.
Бұл миссия Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайту, COVID-19 және басқа респираторлық инфекцияларға қарсы тиімді вакцинацияны қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болады.