№1 қалалық клиникалық ауруханада Қарттар айлығының қорытындысы шығарылды

Бастаманың басты мақсаты – қарттарға, мүгедектерге және Ұлы Отан соғысына қатысушыларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру.

Іс-шара аясында «Айкүне» орталығымен бірлесе отырып, егде жастағы науқастарға сауықтыру гимнастикасы ұйымдастырылды.

2024 жылғы қазанның 15-інде «Ашық есік күні» өтті. Науқан барысында егде жастағы емделушілер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰМУ және ҚРМУ профессорлық-оқытушылық құрамының кеңесін алды. Терапия, кардиология, неврология және гастроэнтерология сынды медицинаның түрлі сала мамандары сараптамалық кеңес берді.
Консультанттар ішінде:
1. Гепатолог, иммунолог, гастроэнтеролог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Құрманова Гаухар Медеубайқызы;
2. Пульмонолог, ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор – Зординова Карямет Ахметовна;
3. Невропатолог, ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. – Митрохин Дмитрий Алексеевич;
4. Кардиолог, ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының доценті – Рысбеков Ерсұлтан Рғалбекұлы;
5. Уролог, м.ғ.к, ҚМУ «ҚДЖМ» ЖШС урология кафедрасының доценті, Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі – Апатанов Мұхтар Қахарұлы;
6. Гастроэнтеролог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент – Садықова Шолпан Сауатбекқызы;
7. Ревматолог, PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі аурулар кафедрасы доцентінің м.а. – Тримова Гүлжан Шакрафовна;
8. Онколог, PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хирургия кафедрасының меңгерушісі – Тәжібаева Қарлығаш;
9. Эндокринолог, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі аурулар кафедрасының ассистенті – Ибраева Әсем Серікқанқызы болды.

145 егде жастағы адам жетекші мамандардан кеңес алды.

Сондай-ақ жүрмейтін науқастарды үй жағдайында тексеру үшін дәрігерлер бригадасы ұйымдастырылды, бұл Алматыдағы егде жастағы адамдардың медициналық көмекке қолжетімдігін одан әрі кеңейтеді.

№1 қалалық клиникалық ауруханада Қарттар айлығының қорытындысы шығарылды