
№1 қалалық клиникалық ауруханада тыныс алу жүйесі аурулары кезіндегі артериялық гипертензияның (АГ) ерекшеліктері бойынша семинар өтті.
Семинарды жоғары санатты кардиолог, медицина ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ішкі аурулар кафедрасының профессоры Г.К. Нургалиева өткізді.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
– АГ мен созылмалы өкпе ауруларының (ӨСОА, бронх демікпесі, өкпенің интерстициалды аурулары) өзара байланысы
– Гипоксияның гипертензия дамуына әсері
– Қосарлас патологиясы бар науқастарды диагностикалау және жүргізу ерекшеліктері
– Емдеудің заманауи тәсілдері.
Өкпе ауруы кезіндегі АГ – кешенді емдеуді қажет ететін маңызды мәселе. Семинарда алынған білім №1 ҚКА дәрігерлеріне пациенттердің жағдайын уақтылы диагностикалауға және тиімді басқаруға көмектеседі деп сенеміз.
Құнды материал ұсынған Г.К.Нургалиева ханымға және талқылауға белсенді қатысқан барлық қатысушыға алғыс білдіреміз!