№1 қалалық клиникалық аурухана ұжымы Туған күн иелерін шын жүректен құттықтайды!

✨ 08.02.
Нейрореабилитация бөлімшесінің меңгерушісі Сейданова Амина Багдадовна – сіз жоғары білікті маман ретінде көптеген пациенттің сауығуына үлес қосып келесіз. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен жанашырлығыңыз әрдайым құрметке лайық.

✨ 09.02.
Ауруханамыздың бас медбикесі – Смагулова Айсулу Мейрамбековна – медицина саласындағы мол тәжірибеңіз бен жоғары жауапкершілігіңіз үшін Сізге алғысымыз шексіз. Медбикелер қызметін үйлестіріп, науқастарға сапалы күтім көрсетуде Сіздің еңбегіңіз зор.

✨10.02
Жүнісбек Мөлдір Абдрахимқызы, сіз
басқаратын клиникалық-диагностикалық орталық – ауруханадағы маңызды бөлімнің бірі. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен басшылық қабілетіңіздің арқасында диагностика сапасы артып, пациенттер сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп отыр!

Құрметті Туған күн иелері, Сіздерге зор денсаулық, қажымас күш-қуат, әр күннің қуаныш пен жаңа мүмкіндікке толы болуын тілейміз! Еңбегіңіз жемісті болып, жетістіктеріңіз арта берсін. Жан-жақтан тек жақсы жаңалық келіп, әрдайым құрмет пен ықыласқа бөлене беріңіздер!

№1 қалалық клиникалық аурухана ұжымы Туған күн иелерін шын жүректен құттықтайды!