
Ақпанның 10-ында №1 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлеріне антитеррорлық қорғаныс бойынша оқыту сабағы ұйымдастырылды.
Сабақта ҚР «Терроризммен күрес туралы» Заңына және ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес аурухана қызметкерлеріне антитеррорлық қорғаныс бойынша оқыту;
«Палаталар мен техникалық бөлмелерде жарылғыш құрылғыларды орналастыру ықтималдығы жоғары орындарды анықтау» тақырыбында профилактикалық оқу-жаттығу шараларын үйрету өтті.
Оқыту барысында:
№1 ҚКА директоры Бапаева Мағрипа Кәденқызы;
№1 ҚКА ӘШҚ жетекшісі Битанов Еркімбек Балтабайұлы;
Алматы қаласы ПД ЭҚБ антитеррорға қарсы жұмысы бойынша куратор – Абуталипов Бектұр Бағдатұлы баяндама жасады.
Сабақта:
– Жарылғыш заттарды анықтау әдістері;
– Теракт қатері туралы хабар түскен кездегі іс-қимыл;
– Кепілге алынған жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері;
– Террористік тұрғыда осал нысанды қорғау шаралары талқыланды.
Қауіпсіздік – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!