
2025 жылғы сәуірдің25-26 аралығында Алматыда VII Халықаралық білім беру форумы – NEUROLOGY UPDATE IN KAZAKHSTAN 2025 өтті. Іс-шараға Қазақстан, Франция, Польша, АҚШ және басқа елдерден келген жетекші неврологтар мен салалас мамандар қатысты.
Форум аясында неврология саласындағы өзекті мәселелер, ауруды диагностикалау, емдеу және алдын алудың заманауи тәсілдері, пәнаралық өзара іс-қимыл және нейроғылымдағы соңғы жетістіктер талқыланды. Бағдарлама сателлиттік симпозиум, секциялық отырыс, шеберлік сабақ және панельдік пікірталасты қамтыды.
Форум гибридті форматта ұйымдастырылды. Барлық қатысушыға сертификат табысталды.
Ұйымдастырушылар: С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ “Неврология және қолданбалы нейроғылымдар” ғылыми-білім беру орталығы, ҚазҰМУ ЖТД-2 кафедрасы, “Neuroscience” неврологтар қауымдастығы, EAN.
NEUROLOGY UPDATE IN KAZAKHSTAN 2025 форумы аясында дәрігер Маханбетжанова Раиса Алмаханбетовна Қазақстанның Ұлттық неврологтар қауымдастығы “Neuroscience” “Құрметті мүше” атағына ие болды.
Жоғары марапатыңызбен және неврологияны дамытуға қосқан үлесіңіздің мойындалуымен шын жүректен құттықтаймыз!