
Мамырдың 5-інде №1 қалалық клиникалық ауруханада 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ашық есік күні өтті.
Шара қарт, мүгедек, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.
Науқан аясында қала тұрғындары клиникамыздың келесі жетекші мамандарынан білікті кеңес алды:
✅ Гепатолог-гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог, инфекционист – Курманова Гаухар Медеубаевна, м.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі;
✅ Гепатолог-гастроэнтеролог, инфекционист – Садыкова Шолпан Сауатбековна, м.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі;
✅ Невропатолог – Туруспекова Сауле Тлеубергеновна, ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР бас невропатологы, м.ғ.д., профессор;
✅ Пульмонолог – Зординова Карямет Ахметовна, ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор;
✅ Пульмонолог – Салимова Суюмбике Салимовна, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент, м.ғ.к.;
✅ Терапевт, кардиолог – Аканова Кульнар Газизовна, м.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының доценті;
✅ Кардиолог – Рысбеков Ерсултан Ргалбекович, ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының доценті;
✅ Кардиолог – Тыналиева Шынар Айтжановна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы.
Медициналық қызметті барлығы 70 пациент алды.
Ашық есік күніне Наурызбай ауданы Ардагерлер кеңесінің өкілдері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, зейнеткерлер, тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген азаматтар қатысты.
Мұндай науқанды 1ҚКА тұрақты түрде өткізіп тұрады – бұл халыққа жетекші салалық мамандардан кеңес алып, диагностикалық көмекке жүгінуге мүмкіндік береді.