
№1 қалалық клиникалық ауруханада АҚШ-та өндірілген заманауи Haemonetics аппаратында қауіпсіз әрі тиімді плазмаферез процедурасы жүргізіледі.
✅ Плазмаферез дегеніміз не?
Бұл – қанның сұйық бөлігі (плазмасы) мен жасушалық элементтерін бір-бірінен бөліп, плазмадағы ағзаға зиянды заттардан (токсин, аутоантидене, иммундық кешен) тазартып, қан жасушаларын қайта айналымға жіберу әдісі. Процедура арнайы катетер арқылы жүргізіледі.

✅ Қай кезде қолданылады?
Аппараттық плазмаферез әр түрлі дертті кешенді емдеу барысында тағайындалады:
– Ұйқыбез қабынуында (панкреатит) – ағзадағы уытты заттардың деңгейін төмендетіп, қабынуды жеңілдетеді;
– Өт жолдарында өттің тұрып қалуы кезінде – билирубин мен басқа да зиянды заттарды шығаруға көмектеседі, бауырға түсетін салмақты азайтады;
– Аутоиммунды ауруларда – иммундық жүйенің шамадан тыс әрекет етуін бәсеңдетеді;
– Бүйрек, жүрек, тері, жүйке жүйесі және аллергиялық ауруларда – ағзаны тазартып, науқастың жалпы жағдайын жақсартады.
✅ Процедураның артықшылықтары:
– Ауыртпайды әрі қауіпсіз
– Ағзаға салмақ салмайды
– Емнің нәтижесін күшейтеді
№1 қалалық клиникалық ауруханада плазмаферез дәрігердің тағайындауымен, заманауи құрылғының көмегімен және білікті мамандардың бақылауымен жүргізіледі.
Сізді заманауи медицина мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз – денсаулыққа деген қамқорлық дәл осы жерден басталады!
