
№1 қалалық клиникалық аурухананың эпидемиолог дәрігері Зүлфия Еламанова ескертеді: аптап ыстық пен табиғат аясындағы демалыс – бейқамдыққа себеп болмауы тиіс.

Жаз – суға шомылу, балалар лагері мен белсенді қарым-қатынастың маусымы. Дәл осы кезеңде менингит – ми мен жұлын қабықтарының қабынуы жиілей түседі. Бұл дертке әсіресе балалар мен жасөспірімдер бейім келеді, әрі көбіне оның вирустық түрімен ауырады.
—
Жазда қауіп неге артады?
– Ластанған су қоймаларында шомылу
– Балалар лагерьлерінде, ойын алаңдарында тығыз қарым-қатынас
– Аптап ыстықтан иммунитеттің әлсіреуі
– Гигиеналық талаптардың сақталмауы
—
Ескерусіз қалдыруға болмайтын белгілер:
– Кенеттен басталған қатты бас ауруы
– Жағдайды жеңілдетпейтін құсу
– Жарыққа төзбеушілік
– Жоғары дене қызуы, тырысу
– Басты алға еңкейтудің қиынға соғуы
– Балаларда: әлсіздік, жылаңқылық, тамақ пен судан бас тарту, еңбектің ісініп шығуы
—
Қалай қорғануға болады?
– Қолды жиі жуып, тазалықты сақтаңыз
– Күмән тудыратын суда шомылмаңыз
– Иммунитетті күшейтіңіз
– Қауіп төнген жағдайда екпе салдырыңыз
– Алғашқы белгілер байқалса – бірден дәрігерге қаралыңыз!
—
Есіңізде болсын: менингит өте жылдам дамиды. Оны ерте анықтау мен дер кезінде емдеу – өміріңізді аман алып қалады.

