
1. Дәрігердің қабылдауына жазылу:
✅ Тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға немесе учаскелік дәрігерге жүгініңіз.
✅ Сізді ауруханаға жатқызудың қажеттігін анықтайтын бейінді маманның қабылдауына жазылыңыз.
2. Дәрігердің консультациясы:
✅ Қажетті тексерулерден өтіп, №1 қалалық клиникалық аурухананың бейінді маманынан жоспарлы жатқызу қажет екені туралы қорытынды алыңыз.
✅ Одан кейін емхананың учаскелік дәрігері ауруханаға жолдама рәсімдейді.
3. Стационарға жолдаманы рәсімдеу:
✅ Өзіңізде келесі құжаттардың бар екеніне көз жеткізіңіз: дәрігердің жолдамасы, медициналық карта, талдау мен тексерулердің нәтижелері.
4. Ауруханаға жатуды жоспарлау:
✅ Ұялы телефоныңызға 1414 нөмірінен жатқызу күні көрсетілген SMS-хабарлама келеді.
5. Ауруханаға жатуға дайындық:
✅ Барлық қажетті алдын ала тексеру мен талдаудан өтіңіз.
✅ Медициналық құжаттарыңызды, талдау қорытындыларын және ауруханада болуға қажетті жеке заттарыңызды дайындаңыз.
6. Ауруханаға жату:
🏥 Белгіленген күні таңертең (08:00-14:00 аралығында) №1 қалалық клиникалық ауруханаға келіңіз және қабылдау бөліміндегі жоспарлы қабылдау кабинетіне барыңыз.
✅ Барлық қажетті құжатты көрсетіп, медициналық персоналдың нұсқауларына сәйкес әрекет етіңіз.
