
Асқазандағы ауырлық, қыжыл, жүрек айну — бәрімізге таныс белгілер. Көп адам бұны жай гастрит деп қабылдайды. Бірақ гастрит — нақты диагноз емес. Оның артында мынадай аурулар жасырынуы мүмкін:
🔸 H. pylori инфекциясы – жараға, тіпті ісікке апарады
🔸 Жара (язва) – қан кетуі мүмкін
🔸 Аутоиммунды гастрит – B12 жетіспеушілігі мен әлсіздік
🔸 Рефлюкс (ГЭРБ) – өңешке қышқыл кетіп, күйдіреді
🔸 Ісік (рак) – алғашқы сатыда симптомсыз өтеді
📌 Нақты диагноз үшін:
✔ ФГДС (гастроскопия)
✔ H. pylori-ге тест
✔ B12 және қан талдауы
Симптомды емес, себепті емдеңіз. Уақытында тексерілу – өз өміріңізге деген жауапкершілік.
«Жай гастрит» деп жүріп, қауіпті дертті өткізіп алмаңыз
