Қыркүйектің 15-і – Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні.  Бұл күн – пациенттер мен медициналық персоналдың денсаулығын қорғаудың алдыңғы шебінде тұрған мамандардың кәсіби мерекесі.

№1 қалалық клиникалық аурухана үшін инфекциялық бақылау қызметінің жұмысы стратегиялық маңызға ие: эпидемиолог мамандар мен инфекциялық бақылау медбикелері емдеу үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ауруханаішілік инфекцияның таралуын болдырмайды және клиникаға деген жоғары сенім деңгейін сақтайды.

Бұл қызметтің жұмысы инфекциялық бақылау комиссиясын құру туралы бұйрық негізінде ұйымдастырылып, ұлттық санитариялық қағидалар мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен қатаң реттеледі. Оның функционалына инфекциялық бақылау бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, тұрақты эпидемиологиялық қадағалау және медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияларды мониторингтеу, індет ошақтарын анықтау және оқшаулау, санитариялық тәртіпті, зарарсыздандыру мен қалдықтарды басқаруды бақылау кіреді. Эпидемиологтар микробиологиялық мониторинг жүргізеді, антимикробтық саясатты іске асыруға қатысады, персоналды оқытады және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара әрекеттеседі.

Бұл жүйелі жұмыс медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді: асқыну мен госпитализация мерзімін азайтады, дәрігерлер мен медбикелерді қорғайды, үрдісті тұрақты әрі ашық етеді, ал аурухананы пациенттер үшін қауіпсіз және сенімді мекемеге айналдырады.

Инфекциялық бақылау қызметі құрамында:
✅ Еламанова Зульфия Аскаровна – қызмет жетекшісі;
✅ Смағұлова Айсұлу Мейрамбекқызы – бас медбике;
✅ Ибаймова Сәуле Науқанқызы – инфекциялық бақылау медбикесі бар.

Құрметті әріптестер, эпидемиологтар мен инфекциялық бақылау медбикелері!
Осы күні кәсібилігңіз, ұқыптылығыңыз және тәуекелді алдын ала болжай білу қабілетіңізге алғыс айтамыз. Сіздердің еңбегіңіздің арқасында аурухана қауіпсіз режимде тұрақты жұмыс істейді, ал пациенттер өз денсаулығының қорғалғанына сенімді бола алады.

Сіздердің еңбегіңізді көпшілік байқамауы мүмкін, сонда да дәл сіздің жұмыс денсаулық сақтау жүйесінің іркіліссіз қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Мерекеңізбен! 🎉

Қыркүйектің 15-і – Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні. Бұл күн – пациенттер мен медициналық персоналдың денсаулығын қорғаудың алдыңғы шебінде тұрған мамандардың кәсіби мерекесі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *