№1 ҚКА көпбейінді хирургия бөлімшесі

1984 жылдан бері №1 ҚКА көпбейінді хирургия бөлімшесі құрсақ қуысы мен кіші жамбас ағзалары аурулары бойынша келесідей жоспарлы оталық көмекті көрсетіп келеді:
– лапароскопиялық және дәстүрлі холецистэктомия,
– барлық түрдегі жарыққа ота жасау, соның ішінде көкет өңеш тесігінің фундопликациясы,
– гинекологиялық отаның барлық түрі,
– стоманы жабу,
– асқазан, аш ішек және тоқ ішек резекциясы.
Бөлімшеде аяқтың варикозды ауруын емдеудің келесі дәстүрлі және заманауи әдістері қолданылады:
– РЖА – радиожиілікті абляция,
– склеротерапия,
– минифлебэктомия.
Соңғы 10 жыл ішінде №1 ҚКА көпбейінді хирургия бөлімшесінде аяқтың варикозды ауруын емдеу бойынша 1000-нан астам ота жасалды.
2022 жылғы 1 маусымнан бастап амбулаториялық флебология орталығы ашылып, онда 600-ден астам радиожиілікті абляция жасалды. Мұнда пациентке ұзақ уақыт стационарда жату қажет емес – отадан кейін 30 минут ішінде үйіне дәрігердің ұсынысымен жіберіледі.
Жыл сайын №1 ҚКА-да 1000-нан астам пациентке оталық ем жасалады, әрі оларға отадан кейінгі кезеңде мониторинг жүргізіледі.
Бөлімше меңгерушісі – м.ғ.к., жоғары санатты хирург, ангиохирург
Менаяков Марат Түгелұлы, тел.: 8-702-629-70-60
Дәрігер – Серікбаев Асылбек Дәуленұлы, тел.: 8-777-319-47-28

№1 ҚКА көпбейінді хирургия бөлімшесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *