
«Қарттар айлығы» аясында №1 қалалық клиникалық аурухана Алматы тұрғындарын Ашық есік күніне шақырады. Шара 2025 жылғы қазанның 15-інде Алматы қаласы, Б. Әшімов көшесі, 2 мекенжайы бойынша өтеді.
Іс-шара қарт адамдар, мүгедектер, Ұлы Отан соғысы қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар үшін арнайы медициналық көмекке қолжетімдікті арттыруға бағытталған.
Ашық есік күні сағат 09:00 мен 14:00 аралығында еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының мамандары тегін консультация өткізеді, әсіресе созылмалы аурудың алдын алу және ерте кезеңде анықтау мәселелеріне назар аударылады.
Пациенттерді қабылдауға Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамдағы дәрігерлер, атап айтқанда:
– жоғары санатты гепатолог, гастроэнтеролог, пульмонолог, кардиолог, ревматолог және эндокринологтар;
– әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және ҚРМУ кафедра меңгерушілері, профессорлар мен доценттер;
– Қазақстан Республикасының бірқатар сала бойынша бас мамандар қатысады.
Кең ауқымды пәнаралық консультанттар құрамының арқасында пациенттер өз денсаулығы мен қарттарға тән ауруды алдын алу бойынша жан-жақты кеңес ала алады.
Ашық есік күнін өткізу №1 ҚКА үшін жақсы дәстүрге айналған. Шара сарапшылық медициналық көмекке қолжетімдікті қамтамасыз етіп, тұрғындардың медициналық сауаттығын арттыруға ықпал етеді.
«Біз әр қарт адам қамқорлық пен өзіне деген назарды сезінуін қалаймыз. Бұл бір реттік науқан емес, аға ұрпақтың денсаулығы мен өмір сапасын нығайтуға бағытталған жүйелі қадам», – деп атап өтті ауруханада.
