Алматы қаласындағы №1 Қалалық клиникалық аурухана ұжымы атынан баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!

Алматы қаласындағы №1 Қалалық клиникалық аурухана ұжымы атынан баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
16 желтоқсан – ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен егемендіктің жарқын мерекесі. Бұл күн – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркендеу жолына түскен ұлы белесі.
Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз, бірлігіміз бен ынтымағымыздың нәтижесі. Осы жылдар ішінде Қазақстан әлемге танымал, гүлденген елге айналды. Біз, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері, әрқашан халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосып келеміз.
Елімізде бейбітшілік орнап, аспанымыз ашық болсын! Әр отбасына бақ-береке, денсаулық пен молшылық тілейміз!
Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Алматы қаласы №1 Қалалық клиникалық аурухана ұжымы

Алматы қаласындағы №1 Қалалық клиникалық аурухана ұжымы атынан баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *