
Модернизациялау бағдарламасы аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қала әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен №1 ҚКА физиотерапия бөлімшесіне заманауи жаңа медициналық жабдық орнатылып, пайдалануға берілді.
Жаңартылған жабдық құрамына:
– Ультрадыбыстық терапия аппараты – тінге дәл әрі терең әсер етіп, ауырсынуды азайтуға және қалпына келу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді;
– Электротерапия аппараты – жарақат пен отадан кейінгі оңалту кезінде, сондай-ақ созылмалы ауырсыну кезінде қолданылады, әр пациентке жеке емдік тәсілді таңдауға жағдай жасайды;
– Магниттік терапия аппараты – қан айналымын жақсартып, жазылу үдерісін жеделдетеді;
– Жоғары қарқынды лазер – қабыну, жарақат пен созылмалы ауырсынуды емдеу кезінде тиімді, ісінуді азайтып, тіннің қайта қалпына келуін жеделдетеді;
– УЖЖ-терапия (ультражоғары жиілікті терапия) – қабыну мен ісінуді азайтуға, қан айналымын жақсартуға, тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттан кейінгі қалпына келуді жеделдетуге бағытталған.
Жабдықтың жаңартылуы физиотерапиялық көмектің сапасын арттырып, оңалту мүмкіндіктерін кеңейтуге және пациенттер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
№1 ҚКА заманауи әрі тиімді емдеу әдістерін енгізуге бағытталған кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастырады.

