
№1 қалалық клиникалық аурухананың сәулелік диагностика бөлімінде заманауи жоғары технологиялы компьютерлік томография (КТ) жүргізіледі.
Бөлімше Revolution Maxima КТ-аппаратымен жабдықталған. Бұл:
✔ жоғары дәлдік
✔ сапалы, айқын кескін
✔ ең қысқа уақыттағы нәтиже
✔ сәулелік жүктеменің төмен деңгейі
КТ арқылы мына ағза мен жүйелер тексеріледі:
– ми және орталық жүйке жүйесі
– кеуде қуысы ағзалары
– құрсақ қуысы мен кіші жамбас
– сүйек-буын жүйесі
– қан тамырлары
– жарақаттық зақымданулар
Зерттеулерді тәжірибелі рентгенолог-дәрігерлер жүргізеді.
Барлық тексеру қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалады.
Біз:
-әр пациентке жеке көзқарас
-жайлы жағдай
-нәтижені жедел дайындау
-емдеуші дәрігерлермен тығыз байланысты ұсынамыз.
№1 ҚКА – дәл диагностика, заманауи технология және пациентке қамқорлық.
