
№1 қалалық клиникалық ауруханасының ота жасау бөлімі 1983 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. 3 операциялық зал, 4 операциялық үстел, күн сайын жасалатын хирургиялық, торакалдық және урологиялық оталар – осының бәрі біртұтас кәсіби ұжымның еңбегі.
Ота жасау бөлімінің меңгерушісі – торакалдық хирург Абдуалиев Даурен Бағланұлы.
Ұжымның мақтанышы – бөлім ашылған күннен бері қызмет етіп келе жатқан аға медбике Ахмолдина Ажар Акимовна. Оның 38 жылдық еңбек өтілі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, жұмысты мінсіз ұйымдастыруы, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң бақылауы – бөлімнің тұрақты әрі сапалы жұмысының негізі.
Тюлюкпаева Алмагуль Ануарбековнаның 28 жылдық тәжірибесі,
Бастаубаева Зауреш Ахытовнаның 15 жылдық еңбек өтілі мен «Медбике ісі» мамандығы бойынша академиялық дәрежесі,
Бекжанова Жанар Айтугановнаның жауапкершілігі мен кәсіби өсуге ұмтылысы,
Бекмурат Акмарал Танирбергенқызының ұқыптылығы,
Абдиреймова Назеркенің кәсіби қалыптасуы – бұлардың бәрі бір мақсатқа қызмет етеді.
Ал ота жасау бөлімінің материалдық қамтамасыз етілуін 1984 жылдан бері Камалданова Венера Белгожаевна жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.
Ота жасау бөлімі – дәлдік пен тәртіп талап ететін ерекше орта. Мұнда әр маманның еңбегі маңызды.
№1 ҚКА ота жасау бөліміне жоғары шеберлігі, сабырлығы және жауапкершілігі үшін алғыс білдіре отырып, кәсіби мерекемен құттықтайды!
Сіздерге зор денсаулық, тұрақтылық және еңбегіңізге лайық құрмет тілейміз.
