
Бөлімшеде дәстүрлі және заманауи шағын инвазивті емдеу әдістері қолданылады. Бұл отадан кейінгі қалпына келу мерзімін қысқартып, ем қауіпсіздігін арттырады.
Негізгі бағыттар:
– кеңірдек пен бронх аурулары
– өкпе мен өкпеқап патологиялары
– көкірекаралық пен көкет аурулары
– кеуде қуысы деформациялары
– кеуде қабырғасы мен айырша без аурулары
Хирургиялық ем:
– бронхоэктаз
– өкпе және көкірекаралық жаңа түзілім
– өкпе мен өкпеқап эхинококкозы
– көкеттің релаксациясы
– кеуде қуысы деформацияларын түзету
– реконструктивті-пластикалық ота
Шағын инвазивті және эндоскопиялық әдістер:
– оталық бейнеторакоскопия
– эндобейнетрахеобронхоскопия
– биопсия, бөгде заттарды алу
– кеңірдек пен бронхтың тыртықты стеноздарын емдеу
№1 ҚКА артықшылықтары:
✔ тәжірибелі мамандардың командалық жұмысы
✔ заманауи эндоскопиялық жабдық
✔ шағын инвазивті әдістерге басымдық
✔ диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі кешенді тәсіл
№1 ҚКМ торакалды хирургия бөлімшесі
әр пациентке жеке тәсілмен, заманауи медициналық технологияны қолдана отырып, сапалы көмек көрсетуге дайын.
