Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургия бөлімшесінде ем қабылдаған пациент өз алғысын білдірді.

Ақ халатты абзал жандардың кәсібилігі, адамгершілігі мен жанашырлығы – науқастардың тез сауығып кетуіне үлкен демеу.

Сенім мен үмітті ақтаған медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылық!

 

Алматы №1 қалалық клиникалық аурухана кардиология бөлімшесінің емделушілері өзінің жүрекжарды алғысын білдіріп, дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

Ата мен апа өз тілектерін айтып, дәрігерлердің еңбегіне алғысын жаудырды.

Әрбір сөз – нағыз жүректен шыққан жылы лебіз, әрбір тілек – шынайы алғыс.

 

Алматы №1 қалалық клиникалық аурухананың Травмареабилитация бөлімшесінде ем алған пациенттің алғысы Ауруханаға түскен сәтте аяғын баса алмай, балдақпен жүрген еді. Дәрігерлер мен медбикелердің кәсіби шеберлігі, жүйелі ем мен оңалтудың нәтижесінде өз аяғымен нық қадам жасап шықты. Бұл – білікті мамандар еңбегінің, дұрыс ұйымдастырылған ем мен оңалтудың нақты нәтижесі. Әр қадам – үлкен жеңіс.