Алматыда пульмонологиялық оңалтуды дамыту мәселелері талқыланды

19.02.2026 ж. №1 ҚКА-да «Пульмонологиялық оңалту: өзектілігі, мәселелері және қалпына келтірудің кешенді тәсілінің перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға:
Еркін Нұрлыханов – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
Магрипа Бапаева – №1 ҚКА директоры;
Абылай Баймаханов – дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы, профессор;
Сұлтан Жанбырбаев – №1 ҚКА директорының орынбасары, медицина ғылымдарының магистрі;
Қуатжан Тұрысбеков – «Каменское плато» директоры, м.ғ.к.;
Майя Шегебаева – Алматы қаласының штаттан тыс бас балалар оңалту дәрігері, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, «Алау» оңалту орталығының директоры қатысты.

Іс жара барысында келесі баяндамалар жасалды:
Айгүл Төрекулова, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор – «Пульмонологиялық науқастарды стационарлық кезеңде оңалтуды ұйымдастыру»;
Наиля Шидерова, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі – «Алматы қаласының пульмонологиялық қызметінің жағдайы, мәселелері және шешу жолдары»;
Сауле Есенгараева, м.ғ.к., доцент – «Өкпе аурулары кезіндегі емдеудің физикалық әдістері»;
Ақмарал Избасарова, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор – «Пульмонологиялық оңалтуды дамытудың мақсаттары мен міндеттері»;
Назгүл Құмарбекова – «Кешенді оңалту құрамындағы спелеотерапия»;
Гүлмира Нұрлыбаева, қауымдастырылған профессор – «Пульмонологиялық науқастарға психокоррекция».

Кездесу барысында стационарлық кезеңді ұйымдастыру, физикалық емдеу әдістерін енгізу және пәнаралық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Алматыда пульмонологиялық оңалтудың сапасы мен қолжетімдігін арттыруға бағытталған нақты қадамдар айқындалды.

Алматыда пульмонологиялық оңалтуды дамыту мәселелері талқыланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *