Қызметкерлер үшін тренинг

Қызметкерлер үшін тренинг

Бүгін Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының терапия бөлімшесінде ерекше, жылы атмосфера қалыптасты.

Аурухана психологы Гульнар Дощанова медицина қызметкерлеріне арналған командалық рухты нығайту және менталдық саулықты қолдауға бағытталған кешенді тренинг өткізді.

Терапиядағы жұмыс үлкен күш пен жанқиярлықты талап етеді. Сондықтан тренинг бағдарламасы ресурсты қалпына келтіруге негізделді.

Тренинг бір демде өтті!
Қатысушылар сергектік пен көңіл күйдің айқын жақсарғанын атап өтті.

 

Қызметкерлер үшін тренинг