Алматы №1 ҚКА-да безгектің алдын алу және анықтау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында безгектің алдын алу, анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Семинар барысында медицина қызметкерлеріне безгекке күдікті пациенттерді анықтау алгоритмі, эндемиялық елдерден келген науқастардан эпидемиологиялық анамнез жинау тәртібі, зертханалық диагностика ерекшеліктері және шұғыл хабарлама беру алгоритмі түсіндірілді.

Қатысушыларға безгектің негізгі клиникалық белгілері – қызба, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, анемия және гепатоспленомегалия туралы айтылып, инфекцияның уақтылы анықталуының маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ пациенттерді дер кезінде оқшаулау, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқытуға қабылдау бөлімінің, жансақтау бөлімінің дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты.

  

 

Алматы №1 ҚКА-да безгектің алдын алу және анықтау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті