Болат Шалекенов «Құрмет» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Астанада денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекеттік наградаға ие болғандардың қатарында Алматы №1 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Шалекенов Болат Уахитович те бар. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты уролог-андрологтың еңбек өтілі 47 жылдан асады. Оған «Құрмет» орденін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова табыстады.

Болат Уахитович саналы ғұмырын медицинаға арнап, көп жылдан бері пациенттердің денсаулығын сақтауға және отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосып келеді. Бұл марапат – оның ұзақ жылғы еңбегі мен кәсібіне деген адалдығының лайықты бағасы.

Аурухана ұжымы Болат Уахитовичті жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Мықты денсаулық, амандық, қажымас қайрат, пациенттердің алғысы мен толағай табыстар тілейміз!

Болат Шалекенов «Құрмет» орденімен марапатталды