
2026 жылғы 11 қарашада Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында «Пульмонологиялық бейіндегі ересек пациенттер арасында пневмококк инфекциясының вакцинопрофилактикасы» тақырыбында дәрігерлерге арналған семинар өтті.
Семинарда №2 пульмонология бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласының бас штаттан тыс пульмонологы Наиля Шидерова баяндама жасады.
Кездесу барысында пневмококк инфекциясының алдын алу, вакциналау көрсетілімдері, тәуекел топтары, сондай-ақ ӨСОА және тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары бар пациенттерді вакциналау ерекшеліктері талқыланды.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруге, заманауи профилактикалық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

