№1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің клиникалық және академиялық қызметі

№1 қалалық клиникалық аурухана 3-пульмонология бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Төкен Ақбаян Насрединқызы клиникалық тәжірибені академиялық қызметпен сәтті ұштастырып келеді.
Бөлімшені басқару және белсенді емдеу қызметінен бөлек, ол болашақ дәрігерлерді даярлауға да атсалысады. Ақбаян Насрединқызы “Респираторлық симптомы бар пациентті физикалды тексеру” тақырыбы бойынша ағылшын тілінде оқитын студенттерге арналған Objective Structured Clinical Examination емтихан комиссиясының құрамына енді. Емтихан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында, профессор, медицина ғылымдарының докторы Г.М.Курманованың жетекшілігімен өтті.

№1 қалалық клиникалық аурухана – көпбейінді стационар ғана емес, сонымен қатар еліміздегі жетекші клиникалық базаның бірі. Бұл жерде келесі жоғары оқу орнының студенттері тәжірибеден өтеді:
• Қазақстан-Ресей медицина университеті;
• С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
• әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Бұл – медициналық білім беру сапасын арттыру мен кәсіби ортаны дамытуға қосылған маңызды үлес.

№1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің клиникалық және академиялық қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *