
№1 ҚКА №1 пульмонология бөлімшесі – өкпе ауруларын емдейтін мамандандырылған стационарлық бөлім. Бөлімше 33 төсек-орынға арналған және 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Ауруханаға жатқызу Алматының барлық ауданынан шұғыл және жоспарлы түрде, Алматы облысынан және Қазақстанның басқа аймағынан Ауруханаға жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бөлімше меңгерушісі – А.Ж. Жанаев, бірінші санатты пульмонолог-дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау саласының магистрі.
Дәрігерлер: С.С. Кокаева – екінші санатты пульмонолог-дәрігер, Д.З. Төлебаева – жас маман.
Аға медбике – С.С. Алиева, жоғары санатты медбике.
Пульмонология бөлімі С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚРМУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ клиникалық базасы болып табылады.
Науқастарды №1 ішкі аурулар кафедрасының профессоры К.А. Зординова, профессор Г.М. Құрманова және ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының доценті С.С. Салимова қадағалайды.
Бөлімшеде жыл сайын шамамен 1200 науқас ем алады. Мұнда абсцедирленген және асқынған пневмония, экссудативті плеврит, өкпенің поликистозы, бронхоэктаз ауруы, созылмалы обструктивті өкпе ауруы және бронх демікпесінің ауыр түрлері емделеді. Науқастарға кеуде қуысының рентгенографиясы, бронхологиялық зерттеу, плевра пункциясы арқылы кең спектрлі антибиотик енгізу, спирография, плазмаферез, қанды ультракүлгін сәулемен өңдеу, ингаляциялық ем, физиотерапия, емдік денешынықтыру, гипербариялық оксигенация және кешенді консультациялық көмек көрсетіледі.
