
№1 қалалық клиникалық ауруханада спирография бойынша шеберлік сынып өтті. Оқыту процесін пульмонология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты дәрігер Салимова Суюмбике Салимовна жүргізді.
Спирография – тыныс алу жүйесін диагностикалаудың негізгі әдісінің бірі. Ол өкпенің желдету функциясының бұзылуын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Мастер-класс барысында қатысушылар әдістің теориялық негіздерін меңгеріп, оны жүргізудің көрсетілімі мен қарсы көрсетілімін талқылады, сондай-ақ нәтижені интерпретациялау дағдысын пысықтады.
Суюмбике Салимовнаға әдістемені жан-жақты талдағаны және шеберлік сыныптың практикалық мазмұны үшін алғыс білдіреміз.
Сондай-ақ белсенділік танытқан барлық қатысушыға рақмет.
Алған білім біздің мамандардың күнделікті тәжірибесінде пайдалы боларына сенімдіміз.