№1 ҚКА ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға арналған көпбейінді терапия бөлімшесі

№1 ҚКА ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға арналған көпбейінді терапия бөлімшесі
1983 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бүгінде бөлімше Алматыда ҰОС ардагерлері мен жеңілдігі бар санаттағы азаматтарға барлық терапиялық бағыт бойынша шұғыл және жоспарлы стационарлық көмек көрсетеді.
2014 жылдан бастап бөлімшеде 38 төсек-орын бар: 28 – ҰОС ардагерлеріне арналған терапия, 10 – гастроэнтерология.
Ауруханаға жатқызу – Госпитализация бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бөлімшеде:
ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылар, Семей ядролық полигонынан зардап шеккендер, Ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектер, Кеңес армиясының мүгедектері, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар, ҰОС ардагерлерінің жесірлері, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері емделе алады.

Емдеу бейіні:
жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензия, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА), пневмония, анемия, сондай-ақ гастроэнтерологиялық: бауыр циррозы, панкреатит, гепатиттер, ойық жаралы колит.

Бөлімше меңгерушісі – Құдайбергенова Айжан Арыстанқызы, жоғары санатты терапевт-дәрігер, эндокринолог.

Дәрігерлік құрамда: терапевт-гастроэнтеролог Сейтқабилова Зарина Сайрамбекқызы еңбек етеді.

Медбикелік қызметті көпжылдық тәжірибесі бар медбикелер атқарады. Аға медбике – Гусейнова Марина Исрафильевна.

Бөлімшеге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ клиникалық пәндер кафедрасы, жетекшісі – м.ғ.д., профессор Құрманова Гаухар Медеубайқызы және ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Зординова Карямат Ахметовна ғылыми-әдістемелік жетекшілік етеді.

№1 ҚКА ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға арналған көпбейінді терапия бөлімшесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *