
Алматы қаласы аумағына аса қауіпті инфекциялардың әкеліну және таралу қаупі жоғары әрі эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін ескере отырып, мұндай оқу-жаттығу жыл сайын өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты:
– холераға күдікті науқас анықталған жағдайда эпидемияға қарсы дайындық деңгейін бағалау, карантиндік және аса қауіпті инфекция бойынша кешенді жоспардың орындалуын пысықтау;
– Карантиндік инфекцияға күдікті науқастарды ерте анықтау кезінде дәрігердің қырағылығын тексеру;
– Медициналық қызметкерлердің білім деңгейі мен функционалдық міндетін тексеру: дезинфекциялық құралды қолдану, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, зертханалық материал алу жиынтығымен жұмыс істеу;
– Карантиндік инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;
– Оперативтік жоспар бойынша әрекет, сондай-ақ аса қауіпті инфекция кезінде шұғыл хабарламаны уақтылы жеткізу сызбасын пысықтау;
– Науқастарды ауруханаға жатқызу кезінде жедел медициналық жәрдем қосындарымен және қорытынды дезинфекция жүргізу үшін дезинфекция орталығымен өзара іс-қимылды үйлестіру.
Оқу-жаттығу сарапшылары:
1. Ж.Ж. Иманбекова – Алматы қаласы бойынша СЭБД карантиндік және аса қауіпті инфекция бойынша эпидқадағалау бөлімінің бас маманы;
2. Д.М. Өтебай – М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекция Ұлттық ғылыми орталығының холера зертханасының ғылыми қызметкері.
Оқу-жаттығуға қатысқан
№1 қалалық клиникалық аурухана басшылығы:
директордың м.а. – Ускенбаев Аскар Сағадиевич,
эпидемиолог – Еламанова Зульфия Аскаровна,
бас медбике – Смагулова Айсулу Мейрамбековна,
сондай-ақ №1 ҚКА медицина қызметкерлері.
Бақылаушылар:
Наурызбай ауданы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің басшысы – Н.Д. Раева.
Сарапшыларға ұсынылған құжаттар:
1. Оқу-жаттығу сценарийі;
2. Оқу-жаттығу өткізу бойынша жедел жоспар;
3. Аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайда хабарлау сызбасы.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша оқу-жаттығу тиімді өткізілді, алға қойылған мақсатқа қол жеткізілді.
Оқу-жаттығудың соңында медициналық персоналдың дайындық деңгейі мен кәсіби құзыретін растаған тестілеумен бірге семинар өтті.

