70-тен астам пациент жетекші мамандардың қабылдауында болды

2025 жылғы қазанның 15-інде Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханада «Қарттар айлығы» аясында Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – қарт адамдарға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға медициналық көмектің қолжетімдігін және сапасын арттыру.

Келушілер аурухананың жетекші мамандары мен медицина жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары құрамынан – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және ҚРМУ мамандарынан тегін кеңес алды.
Барлығы 70 пациент түрлі медициналық бағыт бойынша тексеруден өтті.

Кеңес келесі: терапия, кардиология, неврология, гепатология және гастроэнтерология, пульмонология, ревматология, эндокринология бейіндері бойынша жүргізілді.

Ашық есік күніне қатысқан мамандар:
1. Курманова Гаухар Медеубаевна – м.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультетінің жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі (гепатолог-гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог, инфекционист)
2. Садыкова Шолпан Сауатбековна – м.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультетінің ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі (гепатолог-гастроэнтеролог, инфекционист)
3. Нургожаев Еркин Смагулович – м.ғ.д., ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының профессоры (невропатолог)
4. Митрохин Дмитрий Алексеевич – м.ғ.к., ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры (невропатолог)
5. Рысбеков Ерсултан Ргалбекович – ҚРМУ ішкі аурулар кафедрасының доценті (кардиолог)
6. Салимова Суюмбике Салимовна – м.ғ.к., ҚазҰМУ пульмонология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (пульмонолог)
7. Тримова Гульжан Шакрафовна – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультетінің ішкі аурулар кафедрасының доценті (ревматолог)
8. Серикбаева Жанар Торебековна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық факультетінің ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы (эндокринолог).

70-тен астам пациент жетекші мамандардың қабылдауында болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *