RU KZ EN

Медициналық директор

Медицинский директорМедициналық директор

Дүйсебеков Мақсат Қошқарұлы

Медицина ғылымдарының кандидаты, ӨМА қауымдастырылған профессоры

1982 жылы 31 мамырда туылған.

Білімі:

2015ж. Үндістан (Нью-Дели) Аполло клиникасы "Бауыр трансплантациясы"

2011ж. Асфендиярова С.Ж. атындағы ҚазҰМУ. Алматы қ., "Гепатобилиарлық хирургияның өзекті мәселелері" (1 ай)

2007 ж. дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясы, Ресей, Санкт-Петербург қ. "Жалпы хирургия" (1 ай)

А.Н. Сызғанова атындағы ҰҒХО. "Құрсақ қуысы және кіші жамбас органдарындағы лапароскопиялық операциялар" (1 ай)

Марапаттары мен атақтары:

Ақтау қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2016), ҚР ДСӘДМ Құрмет грамотасымен марапатталған (2016ж.).

Түркі әлемі трансплантологтары қоғамының (TWTS), ТМД елдерінің гепатопанкреатобилиарлық хирургтар қауымдастығының (HPBA), Қазақстан эндоскопиялық хирургтар қауымдастығы қоғамының (ҚЭХҚ) толық мүшесі, Алматы және Алматы облысы хирургтар қоғамының хатшысы.

Ғылыми жұмысы:

20-дан астам ғылыми-практикалық жарияланымдар, Қазақстан Республикасының өнертабысына арналған инновациялық патент.

2016 - С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, №1 хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті

Негізгі ғылыми бағыттары бауырдың фокальды және диффузиялық ауруларын емдеудің жаңа әдістерін жасаумен, сондай-ақ өт жолдары мен ұйқы безі ауруларын хирургиялық емдеу әдістерін жетілдірумен, бауыр трансплантациясымен байланысты.