
2025 жылғы ақпанның 11-інде №1 қалалық клиникалық ауруханада “Иммунобиологиялық препараттармен АБД емдеудің жаңа тәсілдері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Лектор – Шидерова Наиля Даулетовна, пульмонология бөлімшесінің меңгерушісі, ол ауыр бронх демікпесін (АБД) емдеудегі заманауи терапия әдістері мен иммунобиологиялық препараттардың рөлі туралы маңызды ақпаратты бөлісті.
📌 Дөңгелек үстел барысында медицина мамандары келесі мәселелерді талқылады:
✔ АБД емдеудің заманауи стандарттары
✔ Иммунобиологиялық препараттардың тиімділігі
✔ Клиникалық жағдайлар және тәжірибе алмасу.
Мұндай іс-шаралар дәрігерлердің білім деңгейін арттырып, жаңа емдеу әдістерін медициналық практикаға енгізуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде науқастарға сапалы және тиімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.