
№1 қалалық клиникалық аурухананың физиотерапия бөлімшесінде аяқтың варикоздық ауруында қолданылатын қосымша физиотерапиялық әдістердің бірі – АЛМАГ-02 аппараты арқылы жүргізілетін импульстік төмен жиілікті магнитотерапия қолданылады.
Аяқтың варикоздық ауруында импульстік магнит өрісінің әсер ету механизмі:
– Вазодилатация және микроциркуляцияны жақсарту: магнит өрісінің әсері капиллярлардың кеңеюіне, капиллярлық қан ағымының жылдамдығын арттыруға және қан тұтқырлығын төмендетуге ықпал етеді.
– Ісінуге қарсы әсер: тамырлық және лимфалық ағысты қалыпқа келтіру тіндер арасындағы сұйықтықтың жиналуын азайтады.
– Ауырсынуды басу: ауырсыну рецепторларының сезімталдығын төмендетеді және қабынудың құрамдас бөлігін азайтады.
– Репаративтік процестерді ынталандыру: жасушалық метаболизмді белсендіреді және тіндердің қайта қалпына келуін жеделдетеді.
Қарсы көрсетілімдер: жедел қабыну процестері, тромбофлебиттің өршу кезеңі, қатерлі жаңа түзілімдер, жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары, жүктілік (I триместр) және аппарат нұсқаулығында көрсетілген басқа да жағдайлар.
Аяқтың варикоздық ауруы кезінде магнитотерапия аппаратын кешенді ем құрамында қолдану микроциркуляцияны жақсартуға, тамырлық іркілісті азайтуға, ісінуді және ауырсынуды жеңілдетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде пациенттердің өмір сүру сапасын арттырады. Бұл әдіс қосымша ем болып табылады және негізгі этиотроптық және патогенетикалық емді алмастырмайды.

Процедура құны – 1400 теңге. 15-20 минуттан тұратын 10 күндік күнделікті процедура курсы қажет. Магнитотерапияны 2 айдан кейін қайталайды.
