Алматы №1 ҚКА қабылдау бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді

Алматы №1 ҚКА қабылдау бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді. Қаланың барлық ауданынан пациенттерді жедел қабылдау және ауруханаға жатқызу жүргізіледі.
* Аллергология
* пульмонология
* неврология (Алатау ауданы)
* терапия
бағыттары бойынша шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіледі.
ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға ерекше назар аударылады.
Қабылдау бөлімінде науқас төсегінің жанында алғашқы диагностика:
* қан алу
* спирография
* ЭКГ
жүргізіледі.
Заманауи жабдық пен медициналық персоналдың кәсібилігі пациенттің жағдайын жедел бағалап, емдеу тактикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Денсаулығыңыз үшін тәулік бойы қызмет етеміз.

Алматы №1 ҚКА қабылдау бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *