Құрметті Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасы Туелсіздік күні қарсаңында желтоқсанның 10-17 аралығында «Аяқ варикозы ауруын диагностикалау және емдеу» тақырыбында Ашық есік күндері өтеді.
Біз аяқ варикозы ауруын емдеудің дәстүрлі және заманауи әдістерін ұсынамыз:
– РЖА (радиожиілікті абляция)
– Склеротерапия
– Минифлебэктомия.
№1 қалалық клиникалық аурухананың көпбейінді хирургия бөлімшесінде 10 жыл ішінде аяқ варикозы ауруын емдеу бойынша 1000-нан астам ота жасалған.
Үш жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан Амбулаториялық флебология орталығында 500-ден астам РЖА отасы жасалды. Бұл әдіс пациенттің стационарда ұзақ уақыт болуын қажет етпейді: отадан кейін 30 минут ішінде науқас үйіне ұсыныстармен жіберіледі.
Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Қалқаман-2 ықшам ауданы, 2/1, №1 қалалық клиникалық аурухана.
Жазылу WhatsApp нөмірі арқылы: +7 702 6297060
Дәрігер: Менаяқов Марат Түгелұлы.
Кезек тәртібімен!!! Қоңырау шалмаңыз!!!