
Ордаханова Манар Скаковна – №1 ҚКА жоғары санатты терапевт-гастроэнтерологы
? Білімі:
1988 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
? Мамандығы:
Терапия және гастроэнтерология.
❗Асқазан-ішек жолдары (АІЖ) денсаулығын қадағалаудың маңызы
Ас қорыту жүйесі аурулары ересектер арасында да, балалар арасында да жиілеп барады.
Оның негізгі себебі:
⚡ Теңгерімсіз тамақтану
⚡ Қозғалысы аз өмір салты
⚡ Зиянды әдеттер
⚡ Созылмалы стресс
? Кең таралған АІЖ аурулары:
✔ Созылмалы гастрит
✔ Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
✔ Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы (ГЭРА)
✔ Созылмалы панкреатит
✔ Созылмалы холецистит
✔ Өт шығару жолдарының дискинезиясы
✔ Алкогольді емес майлы бауыр ауруы
✔ Созылмалы колиттер
✔ Асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісіктері
✔ Тітіркенген ішек синдромы
? Гастроэнтерологқа қай кезде бару керек?
Егер сізді:
❗ Асқазандағы ауырсыну
❗ Жүрек айну, құсу
❗ Кекіру, ащы дәм сезіну
❗ Іштің кебуі
❗ Іш қату немесе іш өту
❗ Тез тойып қалу сезімі
❗ Себепсіз салмақ жоғалту
мазаласа, маманға көрінген дұрыс.
? АІЖ ауруларын анықтайтын тексерулер:
? Жалпы және биохимиялық қан талдауы
? Жалпы зәр талдауы
? Қанның глюкоза деңгейін анықтау
? Іш қуысы ағзаларының УДЗ
? ФГДС (фиброгастродуоденоскопия)
? Копрограмма және нәжісті паразиттерге талдау
? АІЖ ауруларының негізгі себебі:
⚠ Дұрыс тамақтанбау (майлы, ащы, қақталған тағамды көп тұтыну, талшықтың жетіспеуі)
⚠ Тамақтану тәртібін сақтамау (қатаң диета немесе артық тамақтану)
⚠ Стресс
⚠ Инфекциялар
⚠ Антибиотик пен басқа да дәрінің жанама әсері
⚠ Қозғалысы аз өмір салты
? Фастфуд – негізгі мәселенің бірі. Мұндай тағамның құрамындағы тұздың көп болуы қан қысымын жоғарылатып, жүрек-қан тамырлары ауруының даму қаупін арттырады.
? Денсаулығыңызды күтіңіз! Алғашқы белгілер пайда болғанда-ақ маманға жүгініңіз.
? Жазылу үшін телефон: 8 700 217 53 09
? Мекенжайымыз: Алматы, Қалқаман-2 ықшам ауданы, Әшімов көшесі, 2А.