
Бұл ауруды халық арасында «үнсіз өлтіруші» деп те атайды, өйткені гипертониямен ауыратын көптеген адам өзінде мұндай дерт бар екенін білмей жүреді – көбіне бұл ауру еш белгісіз, білінбей өтеді. Бұл дерт қаншалықты қауіпті және бүгінде мегаполис тұрғындарының қаншасы осы аурумен ауырып жүргені жайлы Алматы телеарнасының тікелей эфирінде №1 қалалық клиникалық аурухананың кардиолог дәрігері Айдарова Тоғжан Асқарқызя айтып берді.
Дүниежүзілік артериялық гипертензияға қарсы күрес күні 17 мамырда атап өтіледі.