
Мамырдың 6-сында №1 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері үй жағдайында пациенттерді қабылдау жұмысын жүргізді.
Терапевт, пульмонолог және реабилитолог мамандар қозғалысы шектеулі пациенттер мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Ашық есік күні науқанына келе алмаған тұрғындарды үйіне барып тексерді.
Медициналық қызметті 8 адам алды. Олардың қатарында Алматы қаласы Наурызбай ауданы Ардагерлер кеңесінің өкілдері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары, зейнеткерлер мен еңбек майданының ардагерлері бар.
Мұндай шара жылына бірнеше рет тұрақты түрде өткізіледі.
Ешкім де назардан тыс қалмайды