
Физиотерапия бөлімшесі
Біздің клиникамыздың физиотерапия бөлімшесі – ең ірі және сұранысқа ие бөлімшенің бірі. Біз тірек-қимыл жүйесі, жүйке, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және несеп-жыныс жүйелері ауруларын емдеуге және оңалтуға арналған заманауи физиотерапиялық әдістерді ұсынамыз.
Бөлімше меңгерушісі: Мураталиева Ақмарал Тұрысбекқызы
Физиотерапияға көрсетілімдер
1. Тірек-қимыл аппаратының аурулары:
- Остеоартрит (артроз)
- Остеохондроз
- Буын мен сүйек жарақаттары (сынықтар, шыққан буын, созылулар)
- Ревматоидты артрит
- Миофасциалды ауырсыну синдромы
- Спондилез және спондилоартроз
2. Жүйке жүйесінің аурулары:
- Инсульт (қозғалыс белсенділігі мен үйлесімділікті қалпына келтіру)
- Балалар церебралды сал ауруы
- Невриттер мен невралгиялар
- Паркинсон ауруы
3. Тыныс алу жүйесінің аурулары:
- Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА)
- Бронхит, пневмония
- Бронх демікпесі (қақырықтың бөлінуін жақсарту)
4. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары:
- Жүрек пен қан тамырларына жасалған отадан кейін оңалту
- Гипертония (сақтықпен)
- Жүрек жеткіліксіздігі (қан айналымын жақсарту)
5. Урологиялық және гинекологиялық аурулар:
- Простатит, зәр шығарудың бұзылуы
- Кіші жамбас ағзаларына жасалған оталан кейінгі оңалту
- Жамбас аймағындағы ауырсыну синдромы
6. Жарақаттар мен отадан кейінгі оңалту:
- Жарақаттар мен хирургиялық араласудан кейін қалпына келтіру
- Буындарды протездеу (эндопротездеу)
Физиотерапия әдістері
Біз денсаулықты қалпына келтіруге, ауырсынуды азайтуға және қимыл белсенділігін жақсартуға бағытталған тиімді физиотерапиялық әдістерді қолданамыз:
1. Жылу терапиясы
- Парафин аппликациясы, инфрақызыл шамдар
- Қан айналымын жақсартады, бұлшықетті босаңсытады, ауырсынуды азайтады
2. Электр терапиясы
- Электрофорез, диадинамотерапия, электростимуляция
- Қабынуды, ісінуді, ауырсынуды азайтады, қан айналымын жақсартады
3. Магнит терапиясы
- Төмен жиілікті магниттік өрісті қолдану
- Метаболизмді жақсартады, тіндердің жазылуын тездетеді
4. Ультрадыбыстық терапия
- Қан айналымын ынталандырады, жасушалық алмасуды жақсартады
5. Виброакустикалық массаж («Виброланг» аппараты)
- Өкпенің желдетілуін жақсартады, тыныс алу жүйесі аурулары кезінде көмектеседі
6. Массаж
- Классикалық, нүктелі, лимфодренажды («Лимфотрон» аппараты)
- Бұлшықетті босаңсытады, ауырсынуды азайтады
7. Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)
- Қазақ гимнастикасы«Айкүне» элементтері, Қытай медицинасы және йога
- Қозғалысты, күшті, үйлесімділікті қалпына келтіру жаттығулары
8. Гидротерапия
- Шарко душы, гидромассаж, контрастты душтар
- Қан айналымын жақсартады, қан тамырларын нығайтады
9. Дәрілік затпен ингаляция
- Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеуге арналған
10. Соққы-толқын терапиясы
- Тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде тиімді
11. Галотерапия (тұз шахтасы)
- Тыныс алу жүйесі аурулары кезінле пайдалы
12. Фитобөшке (дәрілік шөп буымен емдеу)
- Денені тазарту, иммунитетті нығайту
13. Омыртқаны су асты созу («Атланта» аппараты)
- Остеохондроз, жарық кезінде жағдайды жеңілдетеді
14. Гидроколонотерапия («НС-2000» аппараты, Испания)
- Ішекті тазарту, метаболизмді жақсарту
Физиотерапияның артықшылықтары
- Жарақат пен отадан кейінгі қалпына келтіруді жеделдетеді
- Дәрі-дәрмексіз ауырсынуды азайкейінгі
- Қимыл белсенділігін және жалпы физикалық жағдайды жақсартады
- Иммунитетті нығайтады және өмірлік тонусты арттырады
Біздің мамандар әрбір пациенттің денсаулығын ескере отырып, жеке емдеу бағдарламасын жасайды.
Қабылдауды жүргізетін мамандар:
Мураталиева Ақмарал Тұрысбекқызы – бөлімше меңгерушісі. Еңбек өтілі – 19 жыл
Бульхина Гульнура Тукаевна – дәрігер физиотерапевт. Еңбек өтілі – 33 жыл
Консультацияға жазылу үшін:
📞 Телефон: 8 700 217 53 09
📍 Мекенжай: Алматы қаласы, Қалқаман-2 ықшам ауданы, Әшімов көшесі, 2/1