№1 қалалық клиникалық аурухананың пациенттері мен келушілері үшін жалпы тәртіп қағидалары
- Аурухана мен оның құрылымдық бөлімшелерінде:
1) Сырт киіммен жүруге; эпидемиялық маусымда (жұқпалы аурулар кезеңінде) медициналық бетпердесіз жүруге;
2) Ғимарат, үй-жайларда және аурухана аумағында темекі шегуге;
3) Спирттік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық және уытты заттарды пайдалануға;
4) Алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас күйінде жүруге;
5) Құмар ойындар ойнауға;
6) Дауыс көтеріп сөйлеуге, шулауға, есікті тарс жабуға;
7) Дәрігер қабылдауында, ем-шара мен тексерулер кезінде ұялы телефон пайдалануға
тыйым салынады!
- Ауруханаға медициналық көмекке жүгінген пациент:
- Аурухананың ішкі тәртібін сақтауға, тыныштықты, тазалық пен реттілікті қамтамасыз етуге;
- Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға. Өрт шығу қаупі немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайл анықталған кезде бұл туралы кезекші персоналға дереу хабарлауға;
- Дәрігердің нұсқауы мен тағайындауларын орындауға;
- Дәрігер ұсынған емдәмді сақтауға;
- Медициналық көмек көрсету кезеңінің бәрінде дәрігермен өзара ынтымақтастықта болуға;
- Өз еркіне қарсы денсаулық жағдайы, диагнозы және болжамы (соның ішінде қолайсыз болжам) туралы ақпарат алудан бас тартуын, сондай-ақ медициналық араласудан бас тартуын немесе оны тоқтатуды белгіленген тәртіппен жазбаша ресімдеуге;
- Медицина қызметкерлеріне құрметпен қарап, өзге пациенттерге ізеттілік пен сыпайылық танытуға;
- Аурухана мүлкіне және өзге пациенттердің мүлкіне ұқыпты қарауға
міндетті.
- Стационар бөлімшелерінде:
1) Палатада сырт киім, аяқ киім, шаруашылық және жол сөмкелерін сақтауға;
2) Электромагниттік сәуле шығаратын электрондық құрылғыларды пайдалануға;
3) Ұйқы және демалысқа арналған уақытта жарық, аудио-бейне құрылғыларын, телефонды қосуға, палата мен бөлімше ішінде жүруге;
4) Дәрігердің рұқсатынсыз серуендеуге;
5) Аурухана аумағында жаяу жүргіншілерге арналмаған жермен жүруге;
6) Аурухана аумағынан тысқары шығуға
тыйым салынады.
Ішкі тәртіп қағидаларын бұзу жауапкершілігі
№1 қалалық клиникалық аурухананың ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны, емдеу-диагностикалық үдеріске кедергі келтіргені, стационардан өз бетінше 1 сағаттан артық (күндіз) немесе сағат 19:00-ден кейін кетіп қалғаны, өзге пациенттердің сапалы медициналық көмек алу құқығын шектегені және бұл әрекеттер пациенттің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда, өміріне тікелей қауіп төнбесе, пациент емдеу курсы аяқталмай тұрып ауруханадан шығарылуы мүмкін.
Бұл туралы еңбекке уақытша жарамсыздық парағында тиісті белгі қойылып, клиника әкімшілігінің жазбаша өкімі негізінде рәсімделеді.
Стационардағы пациенттердің күн тәртібі
| Уақыты | |
| 06:00-08:00 | Ояну, таңертеңгі дәріні қабылдау, дене қызуын өлшеу, жеке гигиена, талдау үшін сынама алу |
| 08:00- 08:45 | Таңғы ас
|
| 08:45- 10:00 | Бөлімше меңгерушісі мен емдеуші дәрігердің қарауы |
| 10:00- 13:00 | Емге байланысты шаралар (физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж) |
| 13:00-14:00 | Түскі ас
|
| 15:00-17:00 | Тынығу уақыты
|
| 17:00-19:00 | Карантиндік шектеу болмаған жағдайда, туыстармен кездесу |
| 18:00-19:00 | Кешкі ас
|
| 19:00-20:00 | Кешкі дәріні қабылдау, дене қызуы мен артериялық қысымды өлшеу |
| 20:00-22:00 | Кезекші дәрігердің қарауы, жеке гигиена |
| 22:00 | Ұйқы |
№1 қалалық клиникалық аурухана әкімшілігі
