Жоспарлы кардиология бөлімшесі Алматы қаласы мен Алматы облысының жүрек-қантамыр ауруымен ауыратын тұрғындарына жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу бюросы порталы арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Кардиология бөлімшесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қызмет көрсетеді.
Кардиология бөлімшесінде емделетін негізгі патологиялар:
- артериялық гипертензия;
- жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) тұрақты стенокардия және ЖИА созылмалы түрлері;
- жүрек ырғағының бұзылуы;
- бастапқы және қайталама шыққан кардиомиопатиялар;
- стенттеу және коронарлық шунттау отасынан кейінгі жағдай;
- қан айналымы жүйесінің кез келген патологиясының нәтижесінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.
Емдеу кезінде пациенттер келесі тексеруден өтеді: ЭКГ, ЭХОКГ (жүрек УДЗ), ХолтерЭКГ, ТҚҚБ, ВЭМ, көрсеткіштер бойынша тредмил сынағы.
Клинмка базасында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №1 ішкі аурулар кафедрасы қызмет етеді.
Практикалық дәрігерлер мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының тығыз ынтымақтастығы арқасында диагностика және емдеу процесінде барлық заманауи диагностикалық және емдеу әдісі қолданылып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Бөлімшедегі дәрігердің бәрі сертификатталған мамандар және өз мамандығы бойынша ауруды диагностикалау мен емдеудің барлық соңғы әдісін жетік меңгерген.
Бөлімше 2 төсек-орындық жайлы палатамен жабдықталған, палатаның әрқайсында душ кабинасы бар жеке санитарлық торап бар.