Лайелл синдромы: қазіргі денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сын

Лайелл синдромы (токсикалық эпидермалды некролиз) – аллергиялық аурулардың ішінде ең күрделі әрі өмірге аса қауіпті түрінің бірі. Аурудың өлім-жітім көрсеткіші 70%-ға дейін жетуі мүмкін. Өкінішке қарай, бұл ауру, әсіресе жастар арасында, жиілеп барады.

👨‍⚕️ Негізгі белгілері:
* Теріде ауырсынатын қызарудың пайда болуы
* Эпидермис қабатының ажырауы
* Дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік

⚠️ Өзін-өзі емдеу өте қауіпті! Алғашқы белгілер байқалғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.

💡 Клиникалық жағдай:
23 жастағы жас пациент созылмалы бүйрек ауруымен есепте тұрған. Қандағы несеп қышқылының жоғары болуына байланысты оған аллопуринол тағайындалған. Осы препараттың әсерінен ағзада ауыр аллергиялық реакция пайда болды. Препараттың ағзадан шығарылуындағы бұзылыс Лайелл синдромының дамуына әкелді. Емдеу барысында пациенттің жағдайы тұрақтандырылып, сауығып, ауруханадан шығарылды.

💪 Алматы №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің кәсібилігінің арқасында пациенттің өмірі сақталып, жағдайы қалыпқа келтірілді.

🩺 Бұл жағдай дер кезінде қойылған диагноз, дұрыс таңдалған емдеу тактикасы және командалық жұмыс – тіпті ең ауыр жағдайдың өзінде өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретінінің тағы бір дәлелі.

Лайелл синдромы: қазіргі денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сын