Ұлттық аккредитацияның бірінші санаты

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ “№1 қалалық клиникалық аурухана” МКК Ұлттық аккредитацияның бірінші санатын алды!

№1 қалалық клиникалық ауруханада Ұлттық аккредитация желтоқсан айының 2-5 аралығында жүргізілді.

Сыртқы кешенді комиссияның бағалау нәтижелері бойынша №1 қалалық клиникалық ауруханаға бірінші санат берілді. Бұл – қызмет көрсету сапасы, пациенттерге жайлы жағдай жасау және қауіпсіздік стандарттарының жоғары деңгейде сақталатынының айғағы.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешімі негізінде Бірінші санаты тағайындала отырып, 3 жыл мерзіміне аккредиттелген деп танылады.
Осы куәлік Клиниканы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы куәландырады»

1983 жылы негізі қаланған аурухана – мегаполистің барлық 8 ауданындағы тұрғындарға пульмонология бағыты бойынша көмек көрсететін бірегей мекеме. Бүгінде №1 қалалық клиникалық аурухананың қуаттылығы – 420 төсек-орын.

Ұлттық аккредитацияның бірінші санаты