Неліктен пневмония әлі де өзекті мәселе болып отыр

2025 жылғы мамырдың 27-сінде №1 қалалық клиникалық ауруханада «Пневмонияның өзекті мәселелері» тақырыбында қалалық конференция өтті. Іс-шара С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ пульмонология кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференцияда келесі жетекші мамандар баяндама жасады:
– профессор В.К. Исраилова – анестезиология және реанимация кафедрасының меңгерушісі,
– доцент С.С. Салимова – пульмонология кафедрасының ассистент-профессоры,
– PhD, медицина ғылымдарының кандидаты Л.Р. Идрисова – пульмонология кафедрасының ассистент-профессоры,
сондай-ақ кафедра оқытушылары мен ассистенттері де сөз сөйледі.

Пневмония, әсіресе егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдар үшін, әлі де маңызды мәселе болып отыр.
Мұндай адамдардың иммундық жүйесі әлсіреген, сондықтан олардың ағзасы инфекциямен күресуге әлсіз болады. Бұл топтағы адамдарда пневмония көбіне ауыр өтеді, асқынумен қатар жүреді және денсаулық жағдайының тез нашарлауына алып келуі мүмкін. Бұл қант диабеті, жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға қатысты.

-Диагнозды дер кезінде қойып, дұрыс емдеудің маңызы
Ауруды ерте анықтау емдеуді дер кезінде бастап, асқынудың – мәселен, тыныс алу жетіспеушілігі мен қанның улануының – алдын алуға мүмкіндік береді. Емдеу әр науқасқа жеке тәсілмен тағайындалады: жасы, денсаулық жағдайы және пневмонияның себебі (вирус, бактерия және т.б.) ескеріледі.

 

-Аурудың дамуына жол бермеудің маңызы
Алдын алу – қашанда емдеуден оңай әрі қауіпсіз. Бұл әсіресе қауіп тобына жататын адамдар үшін өте маңызды. Егер қабынудың алдын алса, ауруханаға жатқызу қажеттігі мен денсаулыққа ауыр салдарды болдырмауға болады.

Қатысушылар пневмонияның алдын алуға көмектесетін бірнеше негізгі тәсілді атап өтті:
– екпе – тұмауға және пневмококк инфекциясына қарсы екпелер
– денені шынықтыру: ағзаның төзімдігін арттырып, жұқпалы ауруларға шалдығу қаупін азайтады
– иммунитетті нығайту: құнарлы тамақтану, жеткілікті ұйқы, дене белсендігі
– ЖРВИ-ді дер кезінде емдеу: тұмау мен суық тиген жағдайда, асқындырмай, пневмонияға ұластырмау маңызды.

Конференция тәжірибе алмасуға арналған пайдалы алаң болды.

Неліктен пневмония әлі де өзекті мәселе болып отыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *